Құрылғының бейнесін қармау және көшіру арқылы енгізу

Егер операциялық жүйені және басқа бағдарламалық жасақтаманы орнату (немесе қайта орнату) жүргізілетін құрылғыларға Желілік агентті орнату керек болса, құрылғының үлгісін қармау және көшіру механизмін қолдануға болады.

Қатты дискті қармау және көшіру арқылы орналастыруды орындау үшін:

  1. Желілік агентті және қауіпсіздік бағдарламасын қоса, орнатылған операциялық жүйемен және жұмысқа қажетті бағдарламалық жасақтаманың жиынтығымен эталондық құрылғыны жасау.
  2. "Эталондық" құрылғының үлгісін қармау және одан әрі бұл үлгіні Kaspersky Security Center тапсырмасы арқылы жаңа құрылғыларға тарату.

    Диск үлгілерін қармау және орнату үшін ұйымдағы бөтен құралдарды да, Kaspersky Security Center ұсынатын функционалдылықты да (Осалдықтар мен патчтарды басқаруға лицензия бар болса) пайдалануға болады.

Егер диск үлгілерімен жұмыс істеу үшін бөтен құралдар қолданылса, құрылғыға эталондық үлгіден орналастырған кезде Kaspersky Security Center басқарылатын құрылғыны сәйкестендіретін ақпаратты жоюды қамтамасыз ету керек. Керісінше жағдайда Басқару сервері одан әрі бірдей үлгіні көшіру жолымен жасалған құрылғыларды дұрыс ажырата алмайды.

Kaspersky Security Center құралдарымен диск үлгісін қармау кезінде бұл мәселе автоматты түрде шешіледі.

Бөтен құралдармен қатты дисктің үлгісін көшіру

Желілік агенті орнатылған құрылғы үлгісін қармау үшін бөтен құралдарды қолданған кезде келесі әдістердің бірінші қолдану керек:

Егер қатты диск үлгісі қате көшірілсе, сіз бұл мәселені шеше аласыз.

Сондай-ақ, Желілік агент орнатылмай-ақ құрылғы кескінін түсіруге болады. Бұл әрекетті орындау үшін кескінді мақсатты құрылғыларға орналастырып, одан кейін Желілік агентті орнатыңыз. Бұл әдісті пайдаланған кезде құрылғыдан автономды орнату пакеттері бар желілік қалтаға кіруді беріңіз.

Сондай-ақ, қараңыз:

Желілік агенттің дискісін клондау режимі

Басына оралу